Алматы. 18 қыркүйек. 7kun.kz – Бүгін үкімет отырысында инженерлік-көліктік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету арқылы Астана қаласының 2019–2023 жылдарға арналған жинақы құрылысы жөніндегі кешенді жоспары мақұлданды, деп хабарлайды primeminister.kz.
Елорда әкімі Бақыт Сұлтанов Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында әкімдік Кешенді жоспар әзірлегенін атап өтті. Игеру аумағының шекаралары 25,7 мың гектардан 15,4 мың гектарға дейін оңтайландырылды және бес перспективалы құрылыс салу аймағы анықталды: Мыңжылдық аллеясы мен «Нұрлы жол» вокзалы; Мәңгілік Ел даңғылы; Тұран даңғылынан батысқа қарай; Телман кентінен оңтүстікке қарай; Асан Қайғы көшесі ауданын жаңарту.
«Алдағы бес жылдың ішінде елорданың дамуына шамамен 6 трлн теңге жеке инвестиция салынады. Осылайша, 1 теңге мемлекеттік инвестицияға 4–5 теңге жеке капитал салынатын болады. Өз кезегінде, бұл әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымның кеңеюіне, сондай-ақ тұрғын үй құрылысының өсіміне мүмкіндік туғызады», — деді Бақыт Сұлтанов.
Оның айтуынша, аумақтарда белсенді құрылыс салу 2023 жылға дейін шамамен 10 млн шаршы метр тұрғын үй енгізілімін қамтамасыз етеді.
Көліктендіру деңгейінің 8-9% дейін жыл сайынғы ұлғаюын ескере отырып, 2023 жылға дейін 121 км жол, екі жол айрығын, үш көпір, бір жол өтпесін, бір тоннель салу және айналма жолды аяқтау жоспарлануда. Көлік қаңқасын құру елорда жолдарында көліктік коллапстың туындауына жол бермеуді және қаланың негізгі магистральдарынан 50% жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024