Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Үкімет қаулысымен 2018 жылғы демалыс күндері ауыстырылды

Үкімет қаулысымен 2018 жылғы демалыс күндері ауыстырылды
Алматы. 25 желтоқсан. 7kun.kz - Қазақстан Үкіметінің Қаулысымен Еңбек кодексіне сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2018 жылғы сенбі күніне сәйкес келетін демалыс күндері ауыстырылды.
Қазақстандықтар 2018 жылдың 3 наурызында жұмыс істеп, сол күннің орнына 9 наурызда демалысқа шығады. Сондай-ақ 28 сәуір, яғни сенбі күні жұмыс істеп, оның орнына 30 сәуір күні яғни, дүйсенбі күні демалады. Орындары ауыстырылған демалыс күндерінің тізімі:
  • 3 наурыздан 9 наурыз жұмаға;
  • 28 сәуірден 30 сәуір дүйсенбіге;
  • 5 мамырдан 8 мамыр сейсенбіге;
  • 25 тамыздан 31 тамыз жұмаға;
  • 29 желтоқсаннан 31 желтоқсан дүйсенбіге көшірілді.
Қазақстан республикасының Еңбек кодексінің 85 бабының 3 тармағына сәйкес, мереке күндері кезінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында Үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.      

Похожие материалы