Астана. 3 қаңтар. 7kun.kz – Үкімет басшысы Әлихан Смайылов 2023 жылдағы алғашқы жұмыс кеңесін өткізді. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкіметтің 500-ден астам функциясы министрліктер мен әкімдіктерге беріледі.
«Аталған заң жобасы арқылы біз министрлер мен олардың орынбасарларының дербестігін күшейтеміз. Енді барлық ағымдағы салалық мәселелер министрлердің бұйрықтарымен қабылданады», – деді ол.
Күн тәртібіндегі екінші мәселеге тоқталған премьер-министр президенттің жарлығымен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экология және табиғи ресурстар министрлігі болып қайта ұйымдастырылғанын айтты. Жер қойнауын геологиялық зерделеу және минералдық-шикізат базасын молықтыру саласындағы функциялар мен өкілеттіктер Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне берілді.
«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басты міндеттерінің бірі жер қойнауын игеруге инвестиция тарту. Геологиялық ақпараттың бірыңғай деректер банкін өнеркәсіптік пайдалануға беруді аяқтау қажет», – деді Әлихан Смайылов.
Пайдалы қазбаларды өндіруге мемлекеттік бақылау күшейтіледі, қажетті салалық шешімдер қабылдау және бизнес-процестерді цифрландыру процесі жеделдетіледі.
Сонымен қатар премьер-министрдің айтуынша, осы айда министрліктердің жоспарланған алқа мәжілістерінде барлық салалық тұжырымдамалар мен даму жоспарлары қаралады.
Кеңесті қорытындылай келе, премьер-министр үкімет алдында экономиканың нақты мәнде 4%-ға өсуін қамтамасыз ету, инфляцияны 2 есеге 9,5%-ға дейін төмендету және 2023 жылы $24,4 млрд көлемінде тікелей шетелдік инвестициялар тарту секілді маңызды міндеттер тұрғанын атап өтті.
«Біздің басты мақсатымыз – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өсуін қамтамасыз ету, халықтың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын одан әрі арттыру. Сіздерден тиімді жұмыс және шешім қабылдауда үлкен жауапкершілік талап етіледі», – деді Әлихан Смайылов.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024