Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Үкімет пен Ұлттық банк арасындағы келісім мақұлданды

Үкімет пен Ұлттық банк арасындағы келісім мақұлданды

Алматы. 26 наурыз. 7kun.kz - ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Үкіметі мен Ұлттық Банкі арасындағы 2019 жылға макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы Келісім жобасы мақұлданды.

Ұлттық Банктің Төрағасы Ерболат Досаевтың және ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтың баяндамаларын тыңдаған соң, Премьер-Министр Асқар Мамин алғаш рет Үкімет пен Ұлттық Банк арасындағы өзара іс-қимыл келісім түрінде рәсімделгенін атап өтті.

Келісім нәтижесінде:

Біріншіден, экономикалық өсімді қолдау бойынша өзара іс-қимыл айқындалады.

Екіншіден, 10 нақты міндет айқындалды.

Үшіншіден, жалпы фискалдық, валюталық, ақша-кредит және макроэкономикалық саясаттың болжамды болуы жағынан нарыққа нақты белгі беріледі.

«Келісімнің іске асуының арқасында экономиканың сапалы өсуі және халықтың тұрмыс сапасының артуы қамтамасыз етіледі», — деді Премьер-Министр.


Похожие материалы