Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Үкімет резерві 72,9 млрд теңгеге өсуі мүмкін

Үкімет резерві 72,9 млрд теңгеге өсуі мүмкін

Алматы. 2 шілде. 7kun.kz — Үкімет елдің үш жылдық бюджетін нақтылады. Құжатта үкімет резервін 72,9 миллиард теңгеге ұлғайту ұсынылады, деп мәлімдедіҚаржы министрі Әлихан Смайылов бүгін Үкімет отырысында.

"Жобамен үкімет резервін 72,9 миллиард теңгеге ұлғайту ұсынылады. Аталған қаражаттың бір бөлігі Арыс қаласындағы ТЖ салдарын жоюға бағытталатын болады", - деді Қаржы министрі.

Бұдан басқа, 35,9 млрд теңге сомасындағы қаражатпен, ішкі қайта бөлу есебінен, кейінге қалдыруға болмайтын шешімді талап ететін бірқатар міндеттемелер қаржыландырылады. Оның ішінде 12,3 млрд теңге азаматтық қызметкерлердің жекелеген санаттарына жалақыны 30%-ға дейін көтеру үшін өңірлерге берілетін трансферттер түрінде. Тағы 6,8 млрд теңге Ұлттық ұланның және Шекара қызметінің әскери қызметшілеріне тұрғын үй төлемдері бойынша кредиторлық берешекті өтеуге бағытталады.

Похожие материалы