Қазақстан соңғы үш ішінде қасақана түрде банкрот болған кәсіпорындар бойынша салық өндіріп, қазынаны толтырмақшы. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік табыс комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин хабарлады.
"Кей тұлғалардың кәсіпорындарды қасақана түрде банкроттыққа жеткізіп, кейін банкрот болдым, ақшам жоқ деп арыз жазатын жағдайлары кездеседі. Біз қазір осы мәселені көтеріп жатырмыз. Қылмыстық кодексте төлем қабілетінен айыруға жеткізу бойынша қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын бап пайда болды. Бұған кәсіпорынды жабу үшін ақшаны шоттан шығарып әкетіп, өнімді әдейі төмен бағамен сату кіреді", - деді Дәулет Ерғожин Парламент Сенатының Қаржы және бюджет бойынша комитеті депутаттарымен кездесу барысында.
Ол соңғы үш жыл ішінде банкротқа қасақана ұшыраған кәсіпорындардың ісі көтеріліп, төленуі тиіс салықтың өндіріліп алатынын жеткізді.
"Бізге тек салық қана керек. Заңмен бекітілген салықты төлесін, болды", - дейді комитет төрағасы.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024