Алматы. 28 тамыз. 7kun.kz – Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.
Отырыс барысында 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендіру бағдарламасын іске асыру мәселелері, сондай-ақ, өңдеу өнеркәсібі саласындағы кәсіпкерлік субъектілерін дамыту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, жұмыс топтарының квазимемлекеттік сектор объектілерін өткізу және сату алдындағы дайындық әдістері мен тәсілдері туралы ұсыныстары қаралды.
Бұдан өзге, Мемлекеттік комиссия Президенттің Бес әлеуметтік бастамасы аясында іске асырылып жатқан «Сарыарқа» магистральді газ құбырының құрылысы» инвестициялық жобасын және «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының инфрақұрылым нысандарының құрылысы жобасын одан әрі қаржыландыру жөніндегі тәсілдерді мақұлдады.