ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың өкімімен ҚР Үкіметі жанында Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб құрылды. Бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Жедел штаб Ресейге санкциялар пакетінің салынуына және олардың Қазақстан экономикасына тигізер әсеріне байланысты экономикада және бизнестегі проблемалық мәселелерді қарап, шешетін болады.
Жедел штаб құрамына негізгі мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, кәсіпкерлік қауымдастығының өкілдері және салалық сарапшылар кірді.
Сондай-ақ, жедел штабтың алдағы жұмысына отандық бизнес пен сарапшылар қауымдастығының өзге де өкілдері қатыса алады.
Бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен жедел штабтың алғашқы отырысы өтті. Онда көлік және логистика, контрагенттер арасындағы өзара есеп айырысу мәселелері, сондай-ақ отандық бизнестің басқа да мәселелері талқыланды.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024