Қазақстанда ұлттық экномиканы долларсызданыру жоспары басталды. Бұл туралы парламенттік кезекті отырысында Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеді деп хабарлайды Азаттық сайты.
Ол аталған жоспардың үкімет отырысында мақұлданғандығын атап өтті. Жаңа жобаға байланысты шаралардың қатарында тауарлар бағасы мен қызмет түрлерін шетелдік валютада, сондай-ақ, келісімді бірлікте көрсетуге тыйым салу, халықтың ұлттық валютадағы депозитін сақтандырудың сомасын 5 млн теңгеден 10 млн теңгеге дейін көбейту, халықтың шетелдік валютадағы депозитінің жылдық сыйақы көлемін 3 пайызға дейін төмендету де бар.
"Мәселе қандай да бір валютаның жүруіне тыйым салуда емес, жақындағы үкімет отырысында елбасымыз айтқан ұлттық валютаның ролін нығайтуда", - деді Қайрат Келімбетов.
Келімбетовтың сөзінше, ұлттық экономиканы долларсыздандыру жоспары физикалық тұлғалардың арасындағы жылжымалы және жылжымайтын мүліктерді сатылымын келісу кезінде қолма-қол ақшамен төлеу режимін ретке келтіру керектігін де білдіреді. Бұл өзгерістер кезең-кезеңімен енгізілетін болады.
Айта кетейік, "экономиканы долларсыздандыру" жоспары елбасының тапсырмасы бойынша Ұлттық банк арқылы дайындалды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024