Экономика
Үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік гранттарға қайта конкурс жарияланды
Алматы. 28 ақпан. 7kun.kz – «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) үшін мемлекеттік гранттарға қайта конкурс жарияланғандығын хабарлайды.
2018 жылдың 29 желтоқсан күні жарияланған алғашқы байқауға 100 тақырып бойынша 253 ұйымнан 430 өтініш келген. Конкурс қорытындысы бойынша 46 тақырып өтпеді. Осыған байланысты Орталық 2019 жылдың өтпей қалған тақырыптары бойынша қайта конкурс жариялайды.
2019 жылы әлеуметтік саланы қолдау және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін мемлекеттен ҮЕҰ-ға 3 миллиардқа жуық теңге бөлінеді.
Сонымен қатар, жастар жылы аясында 24 жобаны іске асыруға бағытталған 2,3 млрд теңгеге қосымша конкурс жарияланды.
Айта кетейік, өтініштер 2019 жылдың 28 наурызына дейін қабылданады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024