Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әкімшілік шығындар компаниялардың дамуына кедергі болып отыр

Әкімшілік шығындар компаниялардың дамуына кедергі болып отыр

Алматы. 2 наурыз. 7kun.kz — Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жалпы табысының төмендегеніне қарамастан жалға берушілер бағаны қымбаттатты. 2016 жылы өндірістік ғимараттарды жалға алу құны — 3 пайызға, кеңселер — 2 пайызға, сауда орындары — 1,3 пайызға жоғарылады. Бұл туралы Finprom.kz сараптама қызметі хабарлайды.

Жалға берушілер мен девелоперлер 2016 жылғы экономика өсімінің баяулағанына қарамастан, клиенттеріне арналған бағаны өсіріп жіберді. Бір жылда ҚР жылжымайтын мүлікті эксплуатациялау мен жалға беру қызметі 2015 жылмен салыстырғанда 1,5 пайызға жоғарылады.

Ғимаратты жалға алу құны 2015 жылмен салыстырғанда 3 пайызға қымбаттап, өндірістік мекемелердің қызметіне ауыр соғып отыр. Өткен жылы кәсіпкерлер мүлік иелерімен ортақ келісімге келу арқылы жылдық өсімді 2,3 пайыз деңгейінде сақтап қалған еді.

Ал девелоперлер өткен жылы қазақстандықтардың таза табысының төмендегенін ескерген секілді. Себебі  сауда және тұрмыстық қызмет көрсету орындарының жалға алу бағасы 1,3 пайыздан көтерілмеді.

Сонымен қатар, өткен жылы ресторандар мен кафелер және кеңсе-әкімшілік орындарын уақытша пайдалану ақысы 2-2,5 пайыздың арасында өзгеріп отырды.

Дағдарыстан кейінгі кезеңде экономика өсімі ең төменгі деңгейге жетіп, шаруашылық жүргізуші субъектілердің әкімшілік белсенділігі айтарлықтай бәсеңдеді.

2015 жылмен салыстырғанда Қазақстанның ЖІӨ 1 пайыздық деңгейге төмендеді. Дегенмен тауар өндірушілер жағымсыз тенденцияларға қарамастан жалпы өнім көлемін бір жылда 1,3 пайызға ұлғайтқан. Ал қызмет көрсету нарығындағы жалпы көлем тек 0,8 пайызға ғана өскен.

Мекемелердің негізгі капиталына жасалып жатқан инвестициялар көлемі экономика өсіміне аз да болса қолдау көрсетті. 2016 жылы құрылыс пен күрделі жөндеуге, көлік пен құрал-жабдықтарға жұмсалған шығын 5,1 пайызға дейін көтерілген.

2016 жылы мекемелердің негізгі капиталына құйылған инвестицияның жиынтығы 7,7 триллион теңге болды.

Тауар өндірушілер арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) ұсынатын артықшылықтар мен жеңілдіктерді пайдалана алады.

Естеріңізге сала кетейік,  экономиканың белгілі бір салаларына қолдау көрсету мен бәсекеге қабілетті және тиімділігі жоғары өндіріс орындарын құру мақсатында Қазақстанда 2001 жылдан бері 10 арнайы экономикалық аймақ қызмет етеді.

АЭА мүшелеріне арналған льготтардың тізімінде — КҚС-нан (корпоративтік құн салығы), жер салығынан, мүлік салығынан босатылады. «Инновациялық технологиялар паркі» мен «Астана жаңа қала» АЭА-ның мүшелеріне бұдан бөлек қосымша жеңілдіктер қарастырылған.

Похожие материалы