Кипр президенті Никос Анастасиадис 6 сәуірден бастап капитал қозғалысына салынған барлық шектеулердің алынып тасталынатындығын мәлімдеді.
Капитал қозғалысына салынған шектеулер 2013 жылы елдегі өткір қаржылық дағдарысқа байланысты енгізілген еді. Анастасиадис журналистермен кездесуінде елдің дағдарыстан шығатындығын және экономиканың дамуы үшін қосымша шаралар қабылданатындығын мәлімдеді.
Кипр президентінің сөзінше, үкіметке елге халықаралық сенімді қайтарып, банк жүйесін тұрақтандырудың сәті түсті.
"Келесі дүйсенбіден бастап қаржыны шетелге шығаратын капитал қозғалысына қатысты соңғы шектеулер алынады. Осы арқылы біздің банк жүйесіне деген сенім қайтадан қалпына келеді", - деп мәлімдеді президент. Сондай-ақ үкіметтің жұмыс орындарын құратын бірнеше жобаларды іске асыру туралы шешім қабылдағанын да атап өтті.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024