Астана. 30 маусым. 7kun.kz – Өзбекстанда коммуналдық қарызы барлар қасиетті сапарға аттана алмайтын болды. Бұл жайында Ташкент қаласының бас имам-хатыбы Әнуар Тұрсынов мәлімдеді.
Оның айтуынша, қарызы барлар қажылыққа бара алмайды, өйткені, қарыз қайтармау дінімізде күнәлардың бірі болып саналады.
"Мұндай адамның қажылығы қабылданбайды",- деп кесіп айтты ол. "Біз ондай адамдарды ұшақтың маңына да жолатпауымыз керек. Біз судың әр тамшысы үшін Алла алдында жауап береміз. Мұны әрбір мұсылман түсінуі тиіс",- деген ол мұсылмандарды судың, газдың және электр энергиясы бойынша жинақталып қалған қарызды төлеуге шақырды.
Айта кетейік, аталған елде жеке және заңды тұлғалардың газ бен электр энергиясын тұтынғаны үшін жинақталған қаржының мөлшері 1,25 миллиард долларға жеткен.
Дереккөз: muslim.kz
Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024