Алаяқтар тағы да Kaspi.kz «мемлекеттік субсидияларды»
төлейді деп жалған хабарлама тағы да таратып жатыр. Бұл жалған ақпарат! Kaspi.kz сүйікті клиенттеріне мұндай хабарламаларға сенуге болмайтынын үнемі еске салады.
Kaspi.kz ешқандай сауалнама немесе ұтыс ойынын өткізбейді, адамдарды жүлделер мен «субсидиялар» алуға шақырмайды. Алаяқтар сіздің құпия деректеріңізді - карта нөмірін, CVV кодын, аты-жөніңізді, құпия сөздеріңізді және т.б. білу үшін осындай хабарламалар жібереді. Бұл деректерді пайдалана отырып, сіздің ақшаңызды ұрлауы мүмкін. Бейтаныс сайттардың сілтемелеріне өтпеңіз, бейтаныс қосымшаларды жүктемеңіз, сауалнаманы толтырмаңыз және құпия деректеріңізді ешкімге айтпаңыз! Kaspi.kz сүйікті тұтынушыларының ақшасын сенімді қорғайды.
Егер сіз өз деректеріңізді ешкімге бермесеңіз, ақша толығымен қауіпсіз болады!