Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Компаниялар қызметкерлеріне арналған медициналық сақтандыруға үнем жасайды

Компаниялар қызметкерлеріне арналған медициналық сақтандыруға үнем жасайды

Медициналық сақтандыру нарығының жағдайы жақсы емес. Біріншіден, өткен жылдағы девальвациядан шетелдік дәрілер қымбаттауына байланысты келісім-шарт бойынша төлемдер құны өсті. Екіншіден, дағдарыс кезінде көпшілік компаниялар ерікті түрдегі медициналық сақтандыруды қысқартып жатыр деп жазады ranking.kz.

Тағы бір өзгеріс, 2017 жылдан бері ҚР-да жұмыс берушілер төлеуі тиіс міндетті медициналық сақтандыру енгізіледі. Тиісінше, олардың ерікті әлеуметтік пакетке деген энтузиазмі азая түседі. 2015 жылы ерікті медициналық сақтандыру бойынша жарна 3,1%-ға яғни 21,5 млрд теңгеге дейін қысқарды (осыған дейін тек плюсте болған). Төлемдер 14%-ға 18,1 млрд теңгеге дейін артты. 2016 жылдың алғашқы 2 айында негативті тенденциялар нығая түсті. Сыйақы жарнасы өткен жылмен салыстырғанда 6%-ға азайып, төлемдерді 21%-ға көбейтті. Төлемдердің сыйақыға қатынасы бойынша көрсеткіш 49%. [caption id="attachment_41958" align="aligncenter" width="465"]Фото: ranking.kz Фото: ranking.kz[/caption] Медициналық сақтандыру бойынша сыйақының 70%-дан астамы топ 3 компанияға тиесілі. Сектордағы ірі ойыншы  "Халық-Қазақинстрах" жылдың алғашқы 2 айында жалпы құны болатын 2,8 млрд сыйақы тартқан, бірақ бұл өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға артық. Компанияның нарықтағы үлесі өткен жылдың ақпанынан бері 44%-дан 41%-ға дейін қысқарды. Бұл уақытта кәсіпорындар жасаған төлемі 2 есе яғни 1,5 млрд теңгеге дейін көбейді. Халықтың негізгі екі бәсекелесі - Интертич пен Еуразия сыйақы жарнасы бойынша көрсеткішін жақсартып, тиісінше, 5% және 10%-ды құрады. Қазіргі көлемі 19% және 11%. Төлем мен сыйақының қарым-қатынасы бойынша үштіктің көшбасында Интертич (44%) тұр. Еуразияда оперативті жағдайдың жақсарғанына қарамастан, төлем көлемі 51%-ды, ал Халықта 54%-ды құрайды. [caption id="attachment_41959" align="aligncenter" width="537"]Фото:ranking.kz Фото:ranking.kz[/caption] 6 компанияда жиналған сыйақылар көлемі 2 еседен асқан. Нарық үшін айтылған жағымсыз болжамдарды есепке ала отырып, барлық ойыншылардың 2016-2017 жылдарда медициналық сақтандыру бойынша жұмысын жалғастыруға мүмкіндік береді.

Похожие материалы