Конституцияға енгізілген түзетулер Назарбаевқа жаңа кепілдіктерді қарастырмайды – Әділет министрлігі
Алматы. 19 мамыр. 7kun.kz – Telegram-да алдағы референдумға қатысты тағы бір фейк-ақпарат пайда болды. Бұл туралы Stopfake.kz. хабарлады.
Бұл жолы авторлар қазақстандықтар Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасына қол сұғылмаушылық жайында және оны салық төлеушілер есебінен жағдайын өмір бойы қамтамасыз ету үшін дауыс беретінін алға тартуда.
Әділет министрлігі Назарбаев пен онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің мүлкіне қол сұғылмаушылық «Тұңғыш Президент туралы» Конституциялық заңда көзделгенін еске салып, фейкке қатысты түсініктеме берді.
"Конституцияға енгізілетін түзетулер жобасы тұңғыш президентке және оның отбасына жаңа кепілдіктер беруді көздемейді. Керісінше, тұңғыш президент мәртебесіне қатысты барлық нормаларды алып тастауды ұсынады", – деді министрлікте.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024