Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Кореялықтар Алматыға инвестиция салуға дайын

Кореялықтар Алматыға инвестиция салуға дайын

Алматы. 28 желтоқсан. 7kun.kz - Алматыда халықаралық ынтымақтастық аясында Ансан қалалық кеңес мүшесі Джон Хо Джеонның басшылығымен кореялық бизнес-делегациямен кездесу өтті. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кезедсуде қонақтар Қазақстан мен Оңтүстік Корея Азиядағы жетекші мемлекеттер екенін атап өтті. Осы себепті де екі ел бизнес әріптестікті белсенді дамытып отыр.

2016 жылдың қаңтар-қазан аралығында Алматы қаласы мен Корея арасында тауар айналымы 110 млн АҚШ долларын құрады, соның ішінде экспорт – 1 млн доллар, импорт – 109 млн доллар. Қазіргі кезде Алматыда 185 бірлескен және 493 кореялық кәсіпорын тіркелген.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесу кезінде Джон Хо Джеон Алматының инвестициялық тартымды қала ретінде үлкен әлеуетін атап өтті.

Похожие материалы