Экономика
ҰКП: Қырғызстанның ЕАЭО-ға қосылуынан Қазақстанға миллиардтаған шығын келеді
Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы Қазақстанды миллиардтаған теңгеден айырады. Бұл туралы "Атамекен"ұлттық кәсіпкерлер палатасындағы кедендік әкімшілік департаментінің директоры Әлихан Мәмбеталин мәлімдеді деп хабарлайды LS.
Оның сөзінше, кедендік тазалау рәсімдерінің оңтайландыруға және төмен импортты салыққа (келісіне 0,5 еуро) байланысты қытайлық кәсіпкерлерге ЕАЭО-ға Қырғызстан арқылы тауар жеткізген тиімдірек. "Өткен жылмен салыстырғанда 2015 жылдың бірінші жарты жылдығында бюджетке 240 млрд теңге кем түсті", -деп атап өтті Ә.Мәмбеталин. ҰКП өкілінің сөзінше, Қазақстанға импортталатын қытайлық тауарлардың 90 пайызы ресейлік нарыққа бағытталған.
"Кедендік одақтың құрылуынан кейін біздің еліміз қытайлық тауарлар үшін ыңғайлы транзитті мемлекетке айналдық. Тауарлар Қазақстанда кедендік тазалаудан өтіп, кедендік бақылаусыз ЕАЭО-ның басқа аумағына өтіп отырады. Қазақстан бюджетіне импортты ҚҚС, кедендік салық және төлем түрінде пайда түсіп отырды. Біздің бизнесіміз тасымалдау, кедендік қызмет түрлері арқылы табыс тапты",- деп түсіндірді ҰКП департаментінің директоры. Сондай-ақ, ол қаржы министрлігіндегі мемлекеттік табыс комитетінің әрекетіне де наразылығын білдірді.
"Біздің бақылаушы органдарымыз соңғы бірнеше ай бойы қытайлық тауармен саудаға қатысты барлық алматылық аймақтарда болып көрмеген тексерулер жүргізді. Осының әсерінен барлық экономикалық операторлардың лицензияларының күші тоқтатылды", - деп түсіндірді Әлихан Мәмбеталин. Оның түсіндіруінше, осыдан кейін Қытайдың барлық транзитті және импортты жүк тасымалдары Қырғызстанға бағытталды.
"Біздегі ақпарат бойынша, Қырғызстан мен ҚХР шекарасындағы "Тұрағарт" бекетінде 2 мыңнан астам көліктер, ал "Дордой" базарының маңында 50 мың тоннадан астам қытайлық жүк кептеліп тұр", - деді Ә.Мәмбеталин. ҰКП-ның ескертуінше, Қазақстан - Қырғызстан үшін Ресей мен Қытайдан кейінгі сауда көлемі жөнінен үшінші орындағы әріптес. ҚР-ның үлесі 14 пайызды құрайды.