Алматы. 1 шілде. 7kun.kz – Қазақстанда аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасыларға кепілсіз кредиттерді есептен шығару процесін қыркүйек айының басында аяқтауды жоспарлап отыр.
Мұндай мерзімдер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында жарияланған «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыштық жүктемесін төмендетуге бөлінген қаражатты пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» қаулы жобасында қарастырылған.
Құжатқа сәйкес, екінші деңгейдегі банктерде және микроқаржы ұйымдарында кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті өтеуді жүзеге асыратын ұйымның қаулысымен анықталған «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ «2019 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде банктер мен микроқаржы ұйымдарының шоттарына ақшаны аударады».
Құжаттың жобасында кредиттік бюро 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде банктермен және микроқаржы ұйымдарымен берешекті есептен шығару мәніне салыстырып тексеруді жүзеге асыруы тиіс екендігі анықталды.
Егер борышкерлер көп балалы отбасылар, асыраушысынан айырылуына байланысты төлем алатын отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, 18 жастан асқан бала кезінен мүгедектер, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар; 2019 жылғы 26 маусымдағы жағдай бойынша кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған 29 жасқа толмаған жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар болса, кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша берешектер өтеуге жатады.
Құжат бойынша, жалпы берешек 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 3 млн теңгеден аспауы тиіс. Негізгі борыш пен ол бойынша есептелген сыйақыдан тұратын өтелетін берешектің мөлшері бір қарыз алушыға 300 мың теңгеден аспайды.
Өткен сәрсенбі күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің банктерінде кепілсіз тұтынушылық займдары бар аз қамтылған азаматтарына бір жолғы тәртіпте қарыздың негізгі сомасын, сондай-ақ 1 шілдедегі жағдай бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды алып тастайтын Жарлыққа қол қойды.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024