Криптовалюта арқылы көп ақша тапқысы келген павлодарлық алаяқтарға 19,5 млн теңге берген
Павлодар. 7 қазан. 7kun.kz – Табысын арттырмақ болған павлодарлық алаяқтарға 19 млн теңгесін берген, деп хабарлайды 7kun.kz.
Алданған ер адамның айтуынша, ол Instagram-да өздерін Қаржы академиясы деп таныстырғандардың криптовалюта арқылы ақша табудың жолдарын үйретіп, оқуға қабылдайтыны туралы хабарландыруын көрген. Жап шегуші өз деректерін қалдырғаннан кейін, белгісіздер оған Telegram арқылы шыққан. Оператор оқуға уақыт жұмсамай-ақ, үлкен табыс әкелетін бағдарламаға қатысуды ұсынды. Ол үшін «Binance»-та электронды әмиян ашып, сол жерде шотты толтыру қажет болатынын айтқан.
Пвлодарлық алаяқтардың ұсынысмен келісіп, олар айтқан жерге ақша аударған. Бастапқыда ақша ұлғайған. Операторлар ары қарай да табысты көбейту үшін тағы ақша аудару қажет екенін айтқан. Павлодарлық 6 рет 5500 доллардан ақша аударып, тағы 2500 доллар «салық» төлеген. Соңында оның шотқа салған барлық ақшасы бірден жойылған. Содан кейін ғана Павлодар тұрғыны алаяқтардың құрған тұзағына ілінгенін түсініп, полициядан көмек сұраған.
Қазір полиция қаскөйлердің жеке басын және орналасқан жерін анықтау шараларын қабылдауда. ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша тергеу жүргізілуде.
Айта кетейік, биыл Павлодар облысында 1511 алаяқтық фактісі тіркелген, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдаланумен жасалғаны – 1057.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024