Алматы. 25 шілде. 7kun.kz – Цифрлы ақшаның құны көтеріліп келеді. Бүгінде криптовалюта нарығының капиталы 288 миллиард долларды құрайды.
Екі айдан бері алғаш рет криптовалютаның курсы 7 мың 500 доллардан асып жығылды. Бүгінде биткоин 8 мың долларды құрайды.
Сарапшылардың пікірінше, мұндай күрт өсімге бірнеше жағдай әсер еткен. Оның бір себебі биткоинға қатысты толыққанды «И-Ти-Эфтің» жүзеге асырылуы және жапон үкіметінің цифрлы нарықты тұрақтандыруға қатысты жаңа ұстанымы.
Ресми деректерге сәйкес, криптовалюта нарығының капиталы 288 миллиард долларды құрайды. Оның ішінде интернеттік валютаның 45,5 пайызы биткоинға тиесілі.
Похожие материалы
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024