Қазақстандық сервис нарығының жылжымайтын мүлік секторында Homsters.kz жаңа онлайн-алаңы өз жұмысын бастады. Бұл туралы Homsters.kz-тің қазақстандық өкілдігінің жетекшісі Расул Машуров хабарлады.
Homsters - жылжымайтын мүлікті сату бойынша халықаралық онлайн алаңы. Ол жылжымайтын мүлік технологиясы және алға басу саласындағы Prof.Estate халықаралық компаниясымен бірлесіп іске қосылды. Homsters перформанс-маркетинг және нәтиже үшін төлем қағидасы бойынша жұмыс істейтін, тексерілген бизнес-модел көмегімен жаһандық дамушы нарықта жылжымайтын мүлікті сату және іздеуге халықаралық үздік тәжірибені әкеледі. Қазақстанда пилоттық іске қосу 2015 жылдың қыркүйегінде орын алды. Бұл алаңның тиімділігі - жылжымайтын мүлікті іздеудің еуропалық стандарттығында соңғы технологиялық құрастыруларды пайдалана отырып, жылжымайтын мүлікті сатушы мен сатып алушы арасындағы тиімді әрекеттесуді қамтамасыз ету үшін ақпаратты визуализациялайды. Алаңдағы бір ресурста бастапқы жылжымайтын мүлік нарығы сияқты, екіншісінің де ұсыныстары қамтылады. Homsters.kz айтқандай, соңғы уақытта қазақстандық нарықтың қатысушылары жаңа талаптармен бетпе-бет келуде. Олардың ішіндегі ең маңыздылары деп ұлттық валюта курсының күрт өзгеруін, жылжымайтын мүлікке деген сұраныс пен ұыныстың құбылмалдылығын айтуға болады. "Дәл осы уақытта жаңа нарыққа шығу керек әрі жоғары деңгейлі сервистің көмегімен тұтынушылардың сеніміне ену қажет",- деп санайды Расул Машуров. "Біздің мультиұлттық компаниямыз ТМД-дағы өкілдіктрмен, Таяу Шығыста және Солтүстік Африкада, сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс Азияда кең сараптық және базалық білімге ие. Бұл біздің жобаларымыз бен қызмет көрсетуімізді ғаламдық аренада жоғары бәсекелі етеді. Біздің Homsters жобамыз Қазақстанда өзінің бағытын баспана жылжымайтын мүлігі сегментінде нығайлап әрі көсбасшы үштіктен оруға ниетті", -деп атап өтті Homsters-тің сату бойынша директоры Катерина Ладыженская.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024