Кристин Лагард Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) басшысы болып қайта сайланды. Бұл туралы ХВҚ-ның ресейдегі директоры Алексей Можин мәлімдеді.
"Директорлар кеңесі Лагард ханыммен және атқарушы директорлармен бірігіп 20 қаңтарда қабылданған шешімдер бойынша жұмыс істеуді жалғасырады", - делінген Алексей Можин атынан таратылған баспасөз хабарламасында.
Осылайша, Кристин Лагард сайлауда жеңіп шығып, 5 жыл мерзімде ХВҚ-ның басшылығында қалды.
Бұдан бұрын К.Лагардтың кандидатурасын көптеген еуропалық елдер қолдаған және Вашингтонда ол туралы жылы лебіздер білдіріліп, дамушы елдердің көпшілігі Лагардқа дауыс беруге дайын екендерін айтқан.
Кристин Лагард ХВҚ-ға алғаш сайланған кезде нағыз экономика маманы емес деп сынаған болатын, деп жазады The Wall Street Journal. Алайда ол дамушы мемлекеттер арасында аса танымал болды.
Айта кетейік, ХВҚ басшылығына дәстүрлі түрде еуропалық азамат тағайындалады.
Фото: nb.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024