Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Кселл» кибер-қауіптен қорғану үшін жаңа қызмет түрін ұсынады

«Кселл» кибер-қауіптен қорғану үшін жаңа қызмет түрін ұсынады

Алматы. 14 желтоқсан. 7kun.kz – «Кселл» компаниясы Check Point компаниясының ресми дистрибьюторларымен серіктестікте «ІТ инфрақұрылымы» жаңа қызметін ұсынады. Бұл жүйелік шешім кибершабуылдардан, желілік шабуылдардан және вирустардан қорғауға арналған.

Орташа кәсіпорындарда әрбір 32 минут сайын ақпараттың жайылып кетуі орын алады. Ал, әрбір 5 секунд сайын қызметкер зиянды контенті бар сайтқа кіреді. Сонымен бірге ұйымдардың 88 пайызы деректердің жайылып кетуіне тап болып отыр.

«ІТ инфрақұрылымы» қызметі желіде жан-жақты қорғауды қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйелік шешім болып есептеледі. Ол шешімдердің 4 түрін қамтиды: бұлтты инфрақұрылымды қорғау, жергілікті инфрақұрылымды қорғау, мобильді пайдаланушыларды қорғау және қауіпсіздікті орталықтандырылған басқару және бір консольмен журналды талдау. Шешім клиенттің қажеттіліктері мен инфрақұрылымы негізінде таңдалады және оларды 3 ай ішінде тексеруге болады.

Біз экономиканың әр түрлі секторларындағы ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді жобаларды бірге жүзеге асырамыз. Болашақта біз бірнеше бағыт бойынша ынтымақтастықты нығайтуды жоспарлап отырмыз. Осыған байланысты, тіпті шағын ұйымдар мен өндірістер өз жағында жабдықтарды орнату қажеттілігінсіз кибер қатерге қарсы жақсы қорғауды алуға болады, - деді ТМД елдерінде Check Point Software Technologies бизнесті дамыту директоры Александр Савушкин.

«Кселл» компаниясы Қазақстандағы шағын, орта және ірі бизнес үшін өнімдер мен қызметтердің сенімді жеткізушісі ретінде таныта білді. Сонымен қатар, «Кселл» АҚ - аймақта Check Point шешімдері бойынша бай тәжірибеге ие біздің ежелгі және мәртебелі клиенттеріміздің бірі.

 

Похожие материалы