Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Куба ЕАЭО-мен экономикалық байланыс орнатуға мүдделі

Куба ЕАЭО-мен экономикалық байланыс орнатуға мүдделі

Гавана. 2 тамыз. 7kun.kz - Куба Үкіметі Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен келісімдер және меморандумдар жасасу арқылы жүйелі өзара экономикалық байланыс орнатуға мүдделі.  Бұл жайында Куба Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің өкілетті министрі Рене Монсоте Лопес ЕЭК-тің интеграция және макроэкономика жөніндегі алқасының мүшесі (министрі) Татьяна Валоваямен кездесуі барысында айтты.

Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметінің мәліметінше, тараптар Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің Кубамен экономикалық ынтымақтастығы үшін мүмкіншіліктерді, өзара сауданы арттыруды және бірлескен инвестициялық жобаларды  жүзеге асыру мәселелерін талқыға салған. ЕЭК штаб-пәтерінде өткен кездесуге Куба Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің сауда-экономика мәселелері жөніндегі елші-кеңесшісі Роладо Сайяс Бу да қатысқан.

[caption id="attachment_75056" align="aligncenter" width="500"] Фото: vch.ru[/caption]

«Біз ұлттық үкіметтермен екіжақты қарым-қатынасты дамытып қана қоймай, өңірлердің интеграциялық бірлестіктерімен де жан-жақты байланыс орнатудамыз. Әрине, біз Куба Республикасының серіктестік байланысты дамытуға мүдделік танытуын қолдаймыз», - деді Татьяна Валовая.

Похожие материалы