2016 жылдың 23 мамырында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 336,34 теңге болды. Бұл туралы биржаның ресми сайтында жазылды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минимал курсы 335,90 теңгені құрады. Максимал курс — 336,75 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 336,40 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 77 млн 450 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 138.
Таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа ресми бағамы 336,37 теңге болды.
Ақша айырбастау орындарында 23 мамырдағы доллардың максимал курсы — 337 теңге.
Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024