Кувейт мұнай деңгейін қалыпты ұстау туралы келісімге қатысуға дайын екендігін мәлімдеді. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлайды.
Кувейттің мұнай министрінің міндетін атқарушы Анас ал-Салех 16 ақпан күні Ресей мен Сауд Арабия, Катар және Венесуэла арасында болған қара алтынның деңгейін күніне 3 млн баррель көлемінде сақтау туралы келісімді құптайтынын айтты.
Ал Иранның келісімге қатысуға дайын еместігі мәлім болды. Сондықтан ирандық шенеунік The Wall Street Journal-ға Тегеран санкцияға дейінгі әлемдік нарыққа жеткізіліп отырған мұнай көлемін екі есе арттыру туралы жоспарынан бас тартпайтынын мәлімдеді.
Сарапшылар болса, мұнай деңгейін тұрақты ұстап тұру нарықтағы тепе теңдіктің тез қалыптасуына мүмкіндік бермейді дегенді айтады. Мемлекеттер келісімге қосылған күннің өзінде нарыққа 300 млн баррель мұнай артық шығарылады.
Ал әлемдік энергетика агенттігінің бағалауынша, мұнай көлемі қаңтар айындағы деңгейде сақталатын болса нарықтағы сұраныс пен ұсыныс жыл соңында артады.
Фото: politolog.net
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024