Алматы. 3 ақпан. 7kun.kz — Жұмыс тобы екі қорды біріктіру идеясын қолдамайды. Бірақ Президент тапсырмасын орындау қажет. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.
Ведомство басшысының айтуынша, Үкіметке 1 қазанға дейін барлығын пысықтап, содан кейін БЖЗҚ және МӘСҚ (мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры) біріктіруді қарастыру тапсырылды.
"Қорлардың бірігуіне келетін болсақ, жұмыс тобында бұл идеяны қолдаушылар іс жүзінде жоқ. Дегенмен, тапсырма Президенттен келіп түсті. Бірақ қорлардыды біріктіру мәселесін қарастыру үшін олардың ақпараттық жүйелерімен жұмыс істеу қажет: оларда басқа есеп саясаты бар, сондықтан белгілі бір мәліметтер базасын біріктіруге уақыт керек», - деді ол.
Сондай-ақ, министр қазіргі кезде жалақы аударымдарының орнына бірыңғай төлем енгізу туралы мәселеге түсініктеме берді.
"Президенттің бұл туралы тапсырмасы бар. Бұл, ең алдымен, әкімшілік шығындарды азайтып, кәсіпкерлерге жеңілдік әкеледі. Ол үшін біз жұмыс беруші төлейтін төлемдер есептелетін негіздерді біріктіреміз. Бірыңғай төлем де түседі, содан кейін таратылады», - деп түсіндірді Біржан Нұрымбетов.
Министрдің айтуынша, қазіргі таңда жұмыс берушілер бес төлем төлейді және оны келесі жылдан бастап жетіге дейін ұлғайту жоспарланып отыр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024