Лас-Вегас. 4 қазан. 7kun.kz — 1 қазан күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы (Невада штаты) атыстан құрбан болғандардың туған-туыстары үшін құрылған көмек қорына 3,7 млн доллар жиналды. Бұл туралы Кларк округінің комиссия төрағасы Стивен Сисолак мәлімдеді.
«Соңғы деректер бойынша көмек қорына 3,7 млн доллар жиналды. Қаражатты 47 мыңнан астам адам аударған. Бір адамның берген қаражаты 500 мың доллар, екіншісі 100 мың доллар аударған» - деді комиссия төрағасы.
Көмек қоры жергілікті билік пен Лас-Вегас шерифі Джозефа Ломбардоның бастамасымен құрылған. Қорға кем дегенде 4 млн доллар жиналады деп жоспарлап отыр.
Еске салсақ, 1 қазан күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында болған атыстан 50 адам қаза тауып, 400-ден астам адам жараланған.
Айгүл Хожантаева
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024