Экономика
Lavazza Group Mars-тың кофе машина бизнесін сатып алады
2 қазан. Алматы. 7kun.kz - Итальяндық компания Lavazza Group Mars Inc. бизнесін сатып алу туралы келісімге қол жеткізді, деп хабарлайды Интерфакс – Қазақстан.
Келісім сомасы белгісіз, алайда Mars сусындарының өткен жылғы табысы шамамен 350 миллион АҚШ долларын құрағандығы және қызметкерлердің саны шамамен 900 адамға жуық екендігі анық.
Mars Drinks-тің негізгі брендтері Flavia кофе–машиналары мен Klix сауда автоматтары. Бұл аппараттар Солтүстік Америка, Германия, Ұлыбритания, Франция,Канада және Жапон елдерінде сатылымға қойылған.
«Бұл мәміле біздің бизнесті халықаралық деңгейде дамыту стратегиясына толық сәйкес келеді, - дейді Lavazza Group-тың бас директоры Антонио Баравалле. – Mars Drinks-ті сатып алу Lavazza Group-тың кофе – машиналар мен кеңсе өнімдерінің сегменттеріндегі орнын айтарлықтай нығайтады».
Келісім 2018 жылдың соңына дейін жабылады деп күтілуде.