Ләззат Ибрагимова Қазақстан Ипотекалық Компаниясының (ҚИК) директорлар кеңесінің төрайымы болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлады. Ләззат Ибрагимова қазіргі кезде «Бәйтерек» ұлттық холдингінің төрағасының орынбасары.
2014 жылдың қарашасынан бастап ҚИК директорлар кеңесінің төрағасы қызметін Қуандық Бишімбаев атқарған еді. Ол мамырдың басында Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды. ҚИК директорлар кеңесінің құрамында Қайырбек Өскенбаев пен Азамат Ибадуллаев, тәуелсіз директорлар – Булут Бабенов, Ульф Вакура және Яцек Бзежинский бар. ҚИК 2000 жылдың желтоқсан айынан бастап қаржы нарығында жұмыс істеп келеді. 2010 жылы ҚИК еншілес компаниясы – «ҚазИпотека» АҚ-мен бірігіп, халыққа тікелей ипотекалық несие тарату құқығына ие болды. ҚИК мемлекеттік АҚ-ның негізгі бағыты – ұзақ мерзімді ипотекалық қарыздарды сатып алу, үй құрылысы және жөндеу жұмыстарына несие беру, сонымен қатар, екінші деңгейлі банктер мен ипотекалық мекемелерден жылжымайтын мүліктерді өз құнды қағаздарының (облигациялар) есебінен сатып алу.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024