
Алматы. 10 қазан. 7kun.kz — Әлем бойынша 2017 жылдың бірінші жартысында ең көп сатылатын смартфон iPhone 7 болды. Бұл туралы IHS Markit зерттеу компаниясының сарапшылары жазды.
Сұранысы көп, әрі танымалдылығы бойынша екінші орында - iPhone 7 Plus. Ал Samsung Galaxy Grand Prime Plus үштікке кіріп отыр. Сондай-ақ, кейінгі тізімдерде iPhone 6s және Samsung Galaxy S8 бар.
2017 жылы iPhone 7 сатылымы 2016 жылдағы iPhone 6 сатылымы нәтижелерінен төмендеген. Сарапшылар жыл сайын Apple-дің нарықтағы үлесі азайып жатқандығын айтады. 2015, 2016 және 2017 жылдың бірінші жартыжылдықтарында, смарфондар нарығындағы Apple-дің үлесі 10 пайыздан 5 пайызға дейін төмендеген.
Жалпы ең көп сатылған смартфондардың ондығында Samsung-тың 5 смартфоны, Apple-дің төрт және қытайлық Oppo компаниясының бір смартфоны тұр.Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025