Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әлемде мұсылман туристердің саны артып келеді

Әлемде мұсылман туристердің саны артып келеді

Алматы. 30 қазан. 7kun.kz - Мұсылмандар саяхатқа көбірек шыға бастады. Зерттеушілер Mastercard пен HalalTrip туристік порталына зерттеу жүргізіп, 2025 жылы 18-36 жас арасындағы мұсылмандар саяхатқа 100 млрд доллардан көп қаржы жұмсайды деген болжам жасады.

"Бұған әлемдегі мұсылмандар саны көбейгені себеп, соған сәйкесінше мұсылман туризмі де дамып келеді", деп жазады зерттеушілер.

Қазіргі уақытта мұсылмандар Малайзия мен Индонезияға ең көп саяхат жасайды.  Сонымен қатар, Жапония, Таиланд және Австралия елдерінде мұсылмандарға жағдай жасалған жерлер көбейіп келеді. Мысалы Окаяма префектурасында (әкімшілік аймақ) мұсылмандар үшін сертификатталған қонақүйлер мен мейрамханалар ашыла бастаған.

Мұсылман туристерге арналған Halal Media Japan Co. ақпараттық сайты "Жапонияның жергілікті бизнес өкілдері мешіттермен байланыс орнатқан" деп жазады. Яғни, қызмет көрсетуді жақсарту үшін мұсылмандардың ерекшеліктерін білгісі келген.

Phocuswright Inc. компаниясының сарапшысы Дуглас Куинбидің айтуынша, туризмнің бұл саласын жақсартып, туристердің қажеттіліктерін өтеу керек. Себебі барлық елдерде мұсылмандарға жақсы жағдай мен мүмкіншіліктер жасалмаған.

Зерттеушілердің болжамынша 2020 жылы саяхаттауға шығатын мұсылман туристердің саны 156 миллонға жетеді.

Похожие материалы