
Алматы. 6 маусым. 7kun.kz – Әлемде Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 120 доллардан асып кетті, деп хабарлайды 7kun.kz.
Сауд Арабиясы өзінің әлемге танымал араб мұнайын (OSP) Азия елдеріне сатудың ресми бағасын көтерді, артынша мұнай бағасы бірден көтерілді. Дүйсенбі күнгі сауда-саттықтың басында Brent маркалы мұнайдың фьючерстері барреліне 121,52 долларға дейін өсті. West Texas Intermediate (WTI) маркалы мұнай фьючерстері үш айлық максимумға жеткеннен кейін бір баррель үшін 120,50 долларға көтерілді.
Сауд Арабиясы өз мұнайының бағасын орташа есеппен 6,50 долларға қымбаттатқан. Бұл қадамды Сауд Арабиясы ОПЕК+ ұйымының өндірісті күніне 648 мың баррельге арттыру туралы шешіміне қарамастан жасап отыр.
Тэги:
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025