Тоннасына $50 төмен түскен темір кенінің бағасы төмендеуін жалғастырады деп болжап отыр аналитиктер.
Шикізат өндірушілерінің ұлттық валюталарының АҚШ долларына шаққандағы бағамдарының әлсіреуі нарықты теңдесітру үшін өндіріс көлемін қысқарту қажеттілігін жоққа шығарып, шығындарының қысқаруын тудыруда деп жазады Societe Generale SA.
Бұған қоса, энергоресусртардың төмен бағасы фрахт мөлшерлемесін азайтуда, ал көптеген қытайлық өндірушілердің өндіріс көлемін қықартуға мүмкіндіктері жоқ, бұл да кен бағасының одан әрі төмендеуіне себеп болмақ.
IG Markets Ltd. сарапшыларының берген бағасына сүйенсек, келесі бір-екі аптада кен құны тоннасына $40 дейін арзандайды.
Қытайдың Циндао портына жеткізілетін, темір құрамы 62% темір кені келісім-шарттарының бағамы сәрсенбі күні 3,5%-ға, тоннасына $49,53 дейін төмендеді. Бұл Metal Bulletin Ltd. и Clarkson Plc. деректері бойынша 2005 жылдан бергі уақыттағы ең төмен деңгей.
Жыл басынан кен бағасы 30,5%-ға төмендеген.
Өндірістерінің өзіндік құны төмен ірі жеткізушілер, негізінен, Австралия мен Бразилия өндірушілері жеткізілімдерін арттыруда, бұл әлемдік нарықтағы артық ұсынысты тудырып отыр.
Deutsche Bank аналитиктерінің айтуынша, 2015 жылы темір кеніне деген дүниежүзілік сұраныс 2009 жылдан бері алғашқы рет қысқарады. Бұл ретте бағаның тоннасына $40 дейін түсу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Германия банкінің сарапшылары әлемнің тау-кен өндіруші ірі компаниялар 2017 жылдың аяғына таман жеткізілімді 310 млн тоннаға дейін жеткізетіндігін болжап отыр.
Deutsche Bank 2015 жылы темір кенінің орташа бағасы тоннасына $51 болатындығын айтады.
Goldman Sachs Group аналитиктерінің пікірінше, дүние жүзінде темір кенінің теңіз жеткізілімдерінің артық мөлшері осы жылғы 47 млн тоннадан 2018 жылы 260 млн тоннаға дейін артады. Morgan Stanley болжамы бойынша, бұл көрсеткіш 55 тоннан 184 млн тоннаға дейін жоғарылады.
Алдыңғы болжам мынадай болған еді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024