Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әлемде жыл сайын 100 млн адам кедейленеді

Әлемде жыл сайын 100 млн адам кедейленеді

Алматы. 6 қазан. 7kun.kz — Дүние жүзіндегі 400 миллионға жуық адам медициналық қызметтерге қол жеткізе алмайды. Медициналық қызметтердің қымбаттауына байланысты жыл сайын 100 миллион адам кедейленеді. Бұл туралы Дүниежүзілік банктің президенті Джим Йонг Ким мәлімдеді.

"Әлемдегі кедей адамдардың үштен бір бөлігі ғана әлеуметтік көмек алады. Егер біз ештеңе жасамайтын болсақ, онда 2030 жылға қарай 167 миллион бала кедейлікте өмір сүреді", - деді банк басшысы.

Сонымен қатар, ол қазіргі уақытта 155 млн бала білім ала алмай отырғандығын айтады.

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы