2015 жылы Forbes жариялаған миллиардерлер рейтингіне 197 әйел есімі кірді. Бұл тізім алдыңғы жылғымен салыстырғанда 15 нәзік жандыға артық. Айта кетерлігі рейтингке енген 197 әйелдің 29-ы ғана миллиардер статусына өз еңбегімен жетсе, қалғандарына байлық күйеулерінен, не әкелерінен мұра ретінде қалған екен. 7kun.kz назарларыңызға әлемдегі ең бай 7 әйелдің тізімін ұсынады.
Кристи Уолтон, АҚШ
Табысы: 41,7 млрд доллар
Жасы: 60
Табыс көзі: Wal-Mart
Отбасылық жағдайы: жалғыз басты, бір баласы бар
Уолтон соңғы бес жыл бойы әлемдегі ең бай әйел болды. Кристидің негізгі қаражаты Walmart желілерінен тұрады. Бұл табыс көзі оған 2005 жылы жол апатынан қаза болған күйеуі Джоннан қалған. Соңғы жылы Уолтонның қаражаты 5 млрд долларға артты. Өткен жылғы Forbes-тың бағалауы бойынша табысы 36,7 млрд доллар құраған еді. Қазір Уолтон Ваймонг штатындағы, Джексон қалашығында елден оқшауланып өмір сүреді.
Лилиан Беттанкур, Франция
Табысы: 40,1 млрд доллар
Әлемдегі ең бай адамдар тізіміндегі орны: 10
Жасы: 92
Табыс көзі: L'Oreal
Отбасылық жағдайы: жалғыз басты, бір баласы бар
Лилиан Беттанкур - L'Oreal косметикалық империясының мұрагері. Еуропаның ең бай әйелінің табысы 34 млрд долларға артса да, биыл екінші рет рейтингтің екінші орынын иеленіп отыр. 2011 жылдан бастап Беттанкур әкесі негізін қалаған компанияны денсаулығының салдарынан басқармайтын болған. Сондықтан 2012 жылы компанияның директорлар кеңесіндегі орнын 25 жастағы немересі Жан-Виктор Мейери ауыстырды.
Табысы: 26,6 млрд доллар
Әлемдегі ең бай адамдар тізіміндегі орны: 22
Жасы: 65
Табыс көзі: Wal-Mart
Отбасылық жағдайы: ажырасқан
Элис Уолтон - Wal-Mart-тың негізін қалаушы Сэм Уолтонның қызы. Ол саяси бастамаларды қолдаудағы жомарттылығы және қайырымдылық қызметтерді атқаруымен белгілі. Алайда қазіргі Уолтонның қызығушылығы - көркемөнер. Оның Бентонвиледегі американдық көркемөнер мұражайында Энди Уорхол, Норман Роквклла, Джорджи О’Киф және басқа да діни суретшілердің туындылары жинақталған. Элистің жеке арт-топтамасы жүздеген миллион долларға бағаланады.
Жаклин Марс, АҚШ
Табысы: 26,6 млрд доллар
Әлемдегі ең бай адамдар тізіміндегі орны: 22
Жасы: 75
Табыс көзі: Mars
Отбасылық жағдайы: ажырасқан, үш баласы бар
Жаклин Марс — Әлемдегі ірі кондитерлік компания (Mars-тың сату көлемі 33 млрд доллар) иегері Марс отбасының үшінші буыны. 1999 жылы әкесінің қазасынан кейін бизнес екі інісі мен оған мұра болып қалады. Қазіргі таңда үшеуі де компанияның директорлар кеңесінің мүшесі, алайда олар оның оперативті қызметіне жауап бермейді. Сонымен қатар Жаклин американдық ат спорты бойынша құраманың қамқоршысы, Ұлттық спорт кітапханасының және әсем өнерлер мұражайының директорлар кеңесінің мүшесі.
Табысы: 23,4 млрд доллар
Әлемдегі ең бай адамдар тізіміндегі орны: 32
Жасы: 74
Табыс көзі: Ferrero
Отбасылық жағдайы: жалғыз басты, бір баласы бар
Мария Франка - Ferrero компаниясының негізін қалаушының жесірі. 2014 жылы күйеуі қайтыс болғаннан кейін, бар қаражат оған тиесілі болған. Мишел Пьетроның әкесі Ferrero компаниясын Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары ашты. Ол жаңа десерт шоколад-
Лорен Пауэлл Джобс, АҚШ
Әлемдегі ең бай адамдар тізіміндегі орны: 45
Жасы: 51
Табыс көзі: Apple, Disney
Отбасылық жағдайы: жалғыз басты, үш баласы бар
Лорен Пауэлл Джобс —Disney студиясының ірі жеке акционері. Laurene Powell Jobs Trust-тың басшысы бола тұра, ол күйеуі Стив Джобстан қалған 130 млн-нан астам акцияларды басқарады. Лорен Пауэллдің Disney-дегі үлесі Стивтің құрған Apple компаниясындағы үлесінен үш есеге артық.
Лорен Пауэлл Emerson Collective әлеуметтік реформаларды дамыту мен тұрмысы төмен студенттерге көмек ретінде бизнестерін қолдау ұйымының негізін қалаушысы және төрағасы. Сондай-ақ, Лорен кедей адамдардың білім алуына көмектесетін коммерциялық емес College Track бағдарламасының құрылтайшысы және жетекшісі. Л. Джобс стартаптарды қаржыландырады және Ozy Media-ның басқарма мүшесінің бірі болып табылады. Әрі Стэнфорд университетінің қайырымдылық кеңесінің мүшесі.
Энн Кокс-Чемберс, АҚШ
Әлемдегі ең бай адамдар тізіміндегі орны: 53
Жасы: 95
Табыс көзі: медиа
Отбасылық жағдайы: ажырасқан, үш баласы бар
Энн Кокс-Чемберс —Cox Enterprises медиаконцернінің жеке мажоритарлық акциоцонері. 95 жасқа келсе де директорлар кеңесінің мүшесі. Компанияның басқарма төрағасы жиені - Джеймс Кеннеди. Компанияның негізін қалаушы Эннің әкесі - Джеймсон Кок (1957 жылы қайтыс болған). Бүгінгі таңда компанияның Cox Communications (кабельді теледидар, интернет), Cox Media Group (газеттер, телевизия, радио), Manheim (автокөлік аукционы) және AutoTrader Group (автокөліктерді интернетте арқылы сату, Kelley Blue Book аналитикалық автокөлік агенттігі) сынды бөлімшелері бар.
Чемберстің есімі бизнесте ғана танымал емес. Ол сондай-ақ, Джимми Картеренің президент болған кезінде Бельгияда елші қызметін атқарған. Одан бөлек, Энн- құрметті француз легион Орденінің иегері.
Фото: forbes.kz
Жұлдыз Ерік "7"
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024