№1 New York метрополитені - 468 бекет
Әлемдегі метрополитен жүйесінің көшін бастап тұрған - New York метрополитені. Жылына орташа есеппен – бір жарым миллион жолаушы тасымалдайды. 34 желі мен 468 бекеттен тұратын метрополитен 1868 жылы салына бастаған. 1863 жылы жер үсті желісі, 1868 жылы эстакадалық желі іске қосылған. Метроның өзі 1904 жылы 27 қазанда іске қосылды. Яғни, әлемдегі ең көне метролардың бірі.
№2 Сеул метрополитені - 429 бекет
Сеул метрополитені - 1974 жылдың 15 тамызында іске қосылған. Метрополитен 18 желі арқылы 429 бекетті жалғайды. Ұзындығы - 393.6 шақырым.
№3 Шанхай метрополитені - 337 бекет
Шанхай метрополитені - 1993 жылы ашылған. Бұл метро жол қашықтығының көлемі бойынша бірінші орынды иеленеді. Ұзындығы - 538 шақырым. 14 желі және 337 бекеттен тұрады. Аталған метроны жылына - 2,276 миллиард жолаушы тұтынады.
№4 Мадрид метрополитені - 326 бекет
Мадрид метрополитені де ұзындығы жағынан әлемдік рейтингте сегізінші орында. Ұзындығы - 324 шақырым. 16 желі және 326 бекеттен тұрады. Жылына - 601,5 миллион адамды тасымалдайды.
№5 Пекин метрополитені - 319 бекет
Қытайдың астанасында орналасқан метрополитен 1969 жылы 1 қазанда ашылды. Жылына 3,387 миллиард жолаушыны тасымалдайтын метрополитен 18 желіден тұрады. Ұзындығы (442 шақырым) бойынша әлем рейтингінде екінші орында.
№6 Париж мертополитені - 303 бекет
16 желіден тұратын Париж мертополитені - 1900 жылы 19 шілдеде ашылған. Аталған метроны жылына, шамамен, 1 527 миллиард адам тұтынады. Жалпы ұзындығы - 219.9 шақырым.
№7 Токио мертополитені - 290 бекет
Метрополитен жүйесінің әлем рейтингі бойынша жетінші орында - Токио метросы. 13 желіден және 290 бекеттен тұрады. Жылына 3 миллиардтан астам жолаушы тасымалдайтын метроның ұзындығы - 310.3 шақырым.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024