Америкалық Omnicom коммуникациялық холдингінің құрамына кіретін бренд консалтингтік Interbrand агенттігі жыл сайынғы әлемнің үздік 100 қымбат брендін жариялады. Бұл туралы РБК хабарлады.
2013 жылға дейін рейтингтің басында Coca-Cola бренді тұрды. Алайда Apple оны басып озып, 3 жылдан бері бірінші орынды иеленуде. Қазір оның бағасы Interbrand есебі бойынша 170,276 млрд доллар болды. Бұл көрсеткіш өткен жылғыдан 43%-ға артық. Жұма күнгі Apple Inc. компаниясының нарықтық капитализациясы 629,5 млрд долларға жетті. Осылайша компания брендінің құны компанияның нарықтық құнының 27% -ын құрады. Coca-Cola маркасы қазір үшінші орында тұр. Бағасы - 78,423 млрд доллар. Алайда Interbrand есебі бойынша, оның бағасы бір жылда 4%-ға арзандаған . Жұма күнгі Coca-Cola Co.-ның (басқа брендтерін қосқанда-Fanta, Sprite, Bon Aqua және т.б.) нарықтағы бағасы 175,7 млрд доллар болды. Брендтің құны компанияның нарықтық құнының 45% -ын құрайды. Алғашқы ондықта Apple-дан басқа технологияға қатысты компания брендтері бар. Олар: Google (120,314 млрд доллар; +12% алдыңғы жылдан қарағанда; 2-орын), Microsoft (67,67 млрд доллар; +11%; 4-орын), IBM (65,095 млрд доллар; –10%; 5-орын), Samsung (45,297 млрд доллар; 0%; 7-орын) және Amazon (37,948 млрд доллар; +29%; 10-орын). Бір жыл ішіндегі ең көп өсім көрсеткен - Facebook бренді. Оның құны 54%-ға өсіп, 22,029 млрд долларға жетті. Әлемдегі ең танымал әлеуметтік желі қазір 23-ші орында. Ал ең көп арзандаған - Gucci-дің люкс бренді. Оның құны 14%-ға төмендеп, 8,882 млрд доллар болды (50-орын). Осы жылы үздік 100-ке бес жаңа бренд қосылды. Олар: Lego ($5,362 млрд), PayPal (4,251 млрд доллар), Mini (4,243 млрд доллар), Moet & Chandon (4,131 млрд доллар) және Lenovo (4,114 млрд доллар). Бұл маркалар 88-ден 97-ші орындардың арасын иеленді. Interbrand агенттігі брендтің бағасын өздерінің паттендеп алған әдісі бойынша есептейді. Басты шарт - компания брендінің иесі олардың қаржылық көрсеткіштерін ашып көрсетіп, қоғамға барлық жағынан айқын болуы тиіс.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024