Алматы. 6 маусым. 7kun.kz - Forbes журналы музыка индустриясындағы ең бай әйелдердің аттарын атады.
Музыка әлемінде ең бай әйел Рианна болды. Оның табысы 600 миллион долларды құрады. Соманың басым бөлігін оған LVMH Moet Hennessy Louis Vuitton-пен серіктестік әкелді.
Сондай-ақ, LVMH және Рианнаға Fenty Beauty косметика бренді тиесілі. Бұдан басқа, әншінің TechStyle Fashion Group бірге киім желісі бар.
Гиннестің рекордтар кітабының нұсқасы бойынша ең көп сатылатын орындаушы Мадоннаға тек екінші орын бұйырды. Мадоннаның жағдайын Forbes 570 миллион долларға бағалады.
Үздік үштікті Селин Дион аяқтады. Канадалық әнші 450 миллион доллар табыс тапты.
Сонымен қатар, ТОП-5 ең бай нәзік жанды әншілердің қатарынан Бейонсе мен Тейлор Свифт көрінді. Олардың жағдайы тиісінше 400 миллион доллар және 360 миллион долларға бағаланды.
Похожие материалы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





