Алматы. 22 шілде. 7kun.kz - 2019 жылы Lego әлемдегі ең қымбат және күшті ойыншық брендтерінің рейтингінде тағы да көш бастады. Brand Finance консалтингтік компаниясының сарапшылары оны 6,8 млрд долларға бағалап, AAA беріктік рейтингін берді. Өткен жылы Lego бірінші орынға ие болып, 7,5 млрд долларға бағаланып. Бір жыл ішінде брендтің құны 11%-ға төмендеді.
"Біз барлық саладағы нақты үрдісті бақылаймыз, онда жаңалықтарды енгізетін және өз клиенттерінің өзгермелі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін стратегиялық серіктестікке ұмтылатын брендтерді қадағалаймыз, әсіресе, олар цифрлық кеңістікте үздік нәтижелер алады. Енді ойынның басында қалу үшін Lego осы бағытта күш-жігерді екі есе арттыру керек", - деді Brand Finance бас директоры Дэвид Хей.
Екінші орынды Bandai Namco ойыншықтарының жапондық бренді иеленді, оның құны бір жыл ішінде 57%- ға 1,6 млрд долларға дейін өсті. 2018 жылы бренд 1 млрд доллар тұрды. Үшінші сатыға орналасқан америкалық Fisher-Price-ті консалтингтік компанияның сарапшылары 655 млн долларға бағалады, бұл 2018 (812 млн доллар) қарағанда 19,3%-ға төмен. Әлемнің ең қымбат ойыншық брендтерінің алғашқы ондығына Nerf (411 млн доллар), Barbie (372 млн доллар), Hasbro (293 млн доллар), My Little Pony (251 млн доллар), Mobile Suit Gundam (249 млн доллар), Hot Wheels (234 млн доллар) және Mattel (198 млн доллар) кірді.
Топ-10-ға АҚШ-тан 7 компания, Жапониядан 2 компания және Данияның 1 компания кірді.