Қазіргі таңда Жер бетінде 3,2 млрд адам интернет желісін пайдаланады. Бұл ғаламшардағы халықтың 43,4 пайызын құрайды, деп хабарлайды 24.kz.
Халықаралық электр байланысы одағының есебіне сәйкес, Жер тұрғындарының 95%-ы қозғалмалы ұялы байланыспен қамтамасыз етілген. Одақтың болжамы бойынша 2015 жыл соңына дейін әлемдік желіге қосылу 46%-ды құрайды. Есепке сәйкес, дамыған елдердің 81,3%-ы интернетпен қамтылған. Ал дамушы елдерде бұл көрсеткіш 34,1%-ды құрайды. Даму қарқыны мүлде бәсең мемлекеттердің 6,7-ы желімен қамтамасыз етілген. Құжатта елдердің Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша даму индексі де көрсетілген. Рейтингте Оңтүстік Корея көш бастап тұр. Ал Дания, Исландия, Ұлыбритания, Швеция елдері алғашқы бестікке енген. Қазақстан 166 елдің арасында 53 орынды иеленді. Фото: honestnet.ruПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024