Алматы. 24 мамыр. 7kun.kz – Ресейдің Украинаға әскери шабуылы кесірінен әлем халқын қиындық күтіп тұр дейді АҚШ президенті Джо Байден, деп хабарлайды 7kun.kz.
АҚШ президенті Джо Байден Азия құрлығындағы негізгі одақтастарымен кездесуде Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты «әлем біздің ортақ тарихымызда қиын күндерді бастан өткеруде" деп мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұл соғыс халықаралық тәртіпті қорғаудың маңыздылығын көрсететін "жаһандық проблемаға" айналды. Жапония Премьер-министрі Фумио Кисида да Азияда мұндай шабуыл болмауы керек деп Байден айтқан пікірлерді қолдады.
BBC хабарлауынша, Байден мырза АҚШ президент ретінде Азияға алғашқы сапары аясында Токиода Жапония, Австралия және Үндістан басшыларымен кездеседі.
Байденнің кездесу барысында айтқан тағы бір пікірі – «Украинадағы соғыс әлемнің барлық бөлігіне әсер етеді. Өйткені Ресейдің Украинадағы астық экспортына тосқауыл қоюы жаһандық азық-түлік дағдарысын күшейтеді».
Байден мырза АҚШ халықаралық тәртіп пен егемендіктің әлемнің қай бұрышында бұзылғанына қарамастан қорғауға және Үнді-Тынық мұхиты аймағында "күшті және тұрақты серіктес" болып қалатынына уәде берген.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024