Ауыл шаруашылық тауарлар нарығының төмендеуі аяқталып келеді, жақын арада бидай, күріш және кофенің бағасы қайта өсуі қажет деп мәлімдейді Hackett Financial Advisors президенті Шон Хакетт.
Ш.Хакеттің сөзінше, бидай, күріш және кофенің бағасы соңғы 50 жылда сұраныс және сатылым көрсеткішіне байланысты ең төменгі деңгейді көрсетті. Соңғы 12 ай ішінде бидай 28%-ға, күріш 32%-ға төмендеді. "Арабика" кофесінің бағасы бразильдік реалдың құнсыздануына байланысты 37%-ға арзандады. Ш.Хакеттің сөзінше, алдағы 30 күн ішінде реал бағамы тұрақталса, кофе бағасына да әсер етуі мүмкін.
"Алыпсатар инвесторлар үшін бидай мен күріш - жаһандық сұранысқа байланысты сатып алуға тиісті тауарлар. Шикізат нарығындағы дүрбелең басылып, реал тұрақталған соң кофе бағасы тез арада жоғарылайды"- деп жазады Bloomberg агенттігі Ш.Хакеттің сөзіне сілтеме жасап. Оның айтуынша, осы жылдың басынан бері 3,2%-ға арзандаған какао құны әлі де төмендей беруі мүмкін.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024