Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әлемдік экономиканың өсуі 3,5-3,7 пайыз деңгейінде болады

Әлемдік экономиканың өсуі 3,5-3,7 пайыз деңгейінде болады

Алматы. 14 маусым. 7kun.kz - Бүгін Алматы қаласында «Осознанный рост» сауалнамасы аясында әлемдік экономика, бизнесті жетілдіру тақырыптары бойынша кездесу өтті. Жиында «PricewaterhouseCoopers Tax & Advisory» ЖШС Еуразиядағы мәмілелерді қолдау тәжірибесінің жетекшісі Константин Елисеев іргелі тақырыптардың бірі: алдағы 12 айда әлемдік экономиканың өсу перспективалары туралы баяндады.

Өсімді көрсететін  белгілі факторлар мен алғышарттар бар. Нақтырақ айтқанда, кез-келген сектордың дамуын жабдықтаумен айналысатын секторлар арқылы бақылауға болады. Бүгінгі күні негізгі салаларды жабдықтаумен айналысатын секторлардың 90% толығымен жүктелгені белгілі.

Халықаралық валюта қорының болжамдарына сәйкес, әлемдік экономиканың өсуі 3,5-3,7% деңгейінде болады. Егер халықаралық катаклизмдер жойылса, өсу қарқыны жалғасады.

Сондай-ақ, Fitch халықаралық рейтингтік агенттігінің хабарлауынша, келер жылы әлемдік экономиканың өсу болжамы оң аймақта. Мәселен, 2018 жылы жаһандық ЖІӨ-нің 3,3%-ға дейін өсуі күтіледі.

Похожие материалы