Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әлемдік нарықта жасанды алтын пайда болды

Әлемдік нарықта жасанды алтын пайда болды

Алматы. 29 тамыз. 7kun.kz – Соңғы 3 жыл ішінде әлемдік нарықта кемінде 50 млн доллар тұратын танымал компаниялардың жасанды алтын құймалары пайда болды, деп хабарлайды Reuters банктер, өңдеу кәсіпорындары және басқа компаниялардың басшыларына сілтеме жасай отырып.

Агенттік көздері жоғары сапалы алтын құймалары осы металды өңдеу жөніндегі ірі швейцариялық компаниялардың жалған мөртабандарымен белгіленгенін хабарлады. Қазіргі уақытта 50 млн доллардан кем емес сомаға 1 мың килограммға жуық контрафактілік алтын құймасы табылды, - деп жазады vestifinance.ru.

«Жасанды құймалар өте кәсіби жасалынған», - деді Швейцариядағы Valcambi зауытының басшысы Майкл Мезарик.

Белгілі зауыттардың жалған мөрлері бар мұндай құймалар заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыру және алтынды заңсыз сату үшін шығарылады.

Похожие материалы