Әлемдегі орталық банктер валюталы қорларындағы еуроның үлесін азайып жатыр. Бұған Грекияның мемлекеттік қарызының проблемасы мен Еуропалық орталық банктің мөлшерлі түрде жеңілдету (QE) шараларына байланысты еуропалық валюта құнының төмендеуі себеп болып отыр деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.
Халықаралық валюталық қордың мәліметінше, әлемнің орталық банктерінің қорларындағы еуроның үлесі осы жылдың 4 тоқсаны бойы төмендеп отырған. 2014 жылдың соңында бұл көрсеткіш 22,2%-ды құрады. Ең максимальды көрсеткіш 2009 жылы тіркеліп, 28% деп белгіленген еді.
"Еуро қор валютасы ретінде өзінің позицяларын жоғалтып жатыр. QE-нің соңына дейін еуропалық валютаға инвестиция салу тиімсіз болады. Мәселе еуро курсының нақты жетер жері белгісіз екендігінде болып отыр. Ал орталық банктер бұл валютадағы қор үлестерін азайтып жатыр", -деп мәлімдеді Societe Generale сарапшысы Даниэль Фермон.
Грекияның мемлекеттік қарызына байланысты күрделі келіссөздер де инвесторларға сенімділік ұялатпайды дейді сарапшылар. Осыған дейін Goldman Sachs және Citigroup сарапшылары 2015 жылдың соңына дейін еуро курсы 1 доллардан төмен түседі деп болжам жасаған еді. Наурыз айында еуро бағамы 1,0458 долларға тең болды. 2014 жылдан бері долларға қатысты еуропалық валюта 12%-ға арзандады.
Ал орталық банктердегі доллардың үлес қорлары өткен жылдың қазан-желтоқсан айларынан бастап 62,9% -ға дейін өсті. Жапондық иендегі үлес пайызы азайып, 3,9% құрады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024