Әлемнің ең бай миллиардерлері бірінші жартыжылдықта 1,4 триллион доллар жоғалтты
Әлем. 2 шілде. 7kun.kz – 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында әлемдік қор нарықтарының күрт құлдырауынан әлемдегі ең бай 500 адамның байлығы 1,4 триллион долларға қысқарды, деп жазады Bloomberg.
Атап айтқанда, Tesla компаниясының басшысы Илон Маск 62 миллиард доллар жоғалтты, ал Amazon.com Inc негізін қалаушы Джефф Безос 63 миллиард доллардан айырылды. Tesla акциялары үшін осы екінші тоқсан тарихтағы ең нашар кезең болса, ал Amazon үшін 1990 жылдардың аяғындағы «дотком көпіршігінен» бергі құлдырау уақыты болды.
Бірақ соның өзінде Маск 208,5 миллиард доллар байлығымен әлемдегі ең бай адамдар тізімінде бұрынғысынша бірінші орында тұрса, Bloomberg миллиардерлер индексі бойынша Безос 129,6 миллиард доллармен екінші орында қалды.
Үшінші орында 128,7 миллиард доллар байлығымен LVMH Moet Hennessy Louis Vuitton SA басшысы Бернар Арно, төртінші орында Билл Гейтс (114,8 миллиард доллар).
Олардан басқа әлемде өзге бірде-бір адамның байлығы 100 миллиард доллардан аспайды, бірақ жыл басында ондай дәл сондай он адам болған еді. Ондықтан ығысқан Марк Цукерберг, $60 млрд байлығымен қазір рейтингте 17-орынға түсті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024