Әлем. 6 шілде. 7kun.kz – Инфляциялық қысым бүкіл әлемде күшейіп, дамыған және дамушы экономикаларға әсер етеді, деп жазады MarketWatch.
Оңтүстік Кореядағы тұтыну бағасының өсуі маусымда 6%-ға дейін жеделдеді, бұл 1998 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Осының нәтижесінде сарапшылар келесі аптада елдің Орталық банкі мөлшерлемелерді көтеруі мүмкін деп болжайды.
Бір күн бұрын Түркияда инфляция шамамен 79%-ды құрағаны белгілі болды, бұл 24 жылдағы рекордтық көрсеткіш.
Индонезияда бағаның жылдық өсімі өткен айда 4,35%-ға дейін жеделдеді, бұл 2017 жылдың жазынан бергі ең жоғары меже.
Әлемдегі инфляцияның жеделдеуі ақша-несие саясатын қатаңдатуға кіріскен орталық банктер үшін басты проблемаға айналды. Сарапшылардың айтуынша, онжылдық өте жұмсақ ақша-несие саясатынан кейін қарыз алу құнының өсуі экономикалық өсудің баяулауына немесе тіпті рецессияға әкелуі мүмкін.