Леонардо ди Каприоға тиесілі Paramount Pictures кинокомпаниясы американдық журналист Джек Эвингтің Volkswagen автоконцерніне байланысты жазған кітабының желісі бойынша кино түсіру құқығына ие болды. Бұл туралы Lenta.ru хабарлайды. Әзірге актерлердің құрамы мен кинолентаның режисерлері туралы ақпарат берілген жоқ.
Л. Ди Каприо — қоршаған ортаны қорғаушы жақ. Актердің қоры осы уақытқа дейін әлемдегі экологиялық жағдайды реттеу үшін миллиондаған қаржы жұмсамаған.
Еске салайық, Оңтүстік Корея мен АҚШ билігі Volkswagen неміс автокөлігін өндірушілеріне қарсы тергеу бастаған. Компанияны өз көліктеріне экологиялық қауіпсіздікті реттеуде тест нәтижесін жалған көрсететін құрылғы орналастырғаны үшін кінәлап отыр. Құрылғы машинадан шыққан көмірқышқыл газының нақты көлемін көлік иесіне азайтып көрсетеді. Ал Volkswagen компаниясы өз ішінде көлікке тест нәтижелерін дұрыс көрсетпейтін құрылғыны орнатқан қызметкерлерге қатысты тергеу жұмыстарын жүргізген еді.
21 қыркүйек күні Volkswagen АҚШ-та дизельді қозғалтқыштағы біраз модельдерін сатуды тоқтатты. АҚШ билігі 2009-2015 жылдары сатылған Volkswagen және Audi маркаларының 500 мың көлігін кері қайтаруды міндеттеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024